11:06, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
НАТО КХДР-дың желтоқсан айында баллистикалық ракетаны ұшыру ниетіне алаңдаулы
БРЮССЕЛЬ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Солтүстікатлантикалық кеңес Корей Халық Демократиялық Республикасының ағымдағы жылдың желтоқсанында баллистикалық ракетаны ұшыру ниетіне байланысты алаңдаушылығын білдірді, бұл туралы НАТО-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

НАТО Кеңесінің пайымынша, баллистикалық зымыранның ұшырылуы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1718 және 1874 қарарларын бұзу болып табылады, сондай-ақ өңірдегі ахуалдың шиеленісуіне және Корей түбегіндегі одан арғы тұрақсыздыққа алып келеді.
«Біз Солтүстік Корей билігін халықаралық құқық шеңберіндегі өздерінің міндеттерін орындауға және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесімен білдірілген халықаралық қауымдастықтың қалауын толығымен орындауға, сондай-ақ ракетаның ұшырылауына мараторий қоюға шақырамыз», - делінген НАТО-ның таратқан хабарламасында.