НАТО Ливиядағы әскери операцияға басшылық жасайды
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - НАТО Ливиядағы әскери операцияға басшылық жасауға келісім берді. Бұл туралы НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен мәлім етті,
деп хабарлайды РБК Associated Press сілтеме жасай отырып.
Солтүстік атлантикалық альянс Ливияның азаматтық тұрғындары мен аймақты мекендеген бейбіт халықты Муаммар Каддафидің билігінен қорғау үшін БҰҰ-ның 1973 қарарының барлық аспектілерін бақылауға алу шешімін қабылдады.
Бас хатшының айтуынша, Ливиядағы барлық әскери операция НАТО-ның басшылығымен жүргізілетін болады.