НАТО: Ливиядағы Солтүстікатлантикалық альянстың операциясын тоқтатуға әлі ерте

ЮССЕЛЬ. 18 қазан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазіргі таңда Солтүстікатлантиалық альянстың Ливиядағы «Біріккен қорғаушы» операциясын тоқтату - асығыс шешім болып табылады.

НАТО: Ливиядағы Солтүстікатлантикалық альянстың операциясын тоқтатуға әлі ерте

Бұл туралы Брюссельде өткен баспасөз мәслихаты барысында НАТО ресми өкілінің орынбасары Кармен Ромеро мәлім етті.

Оның айтуынша, егер НАТО-ның Ливиядағы миссияны тоқтату шарттарын алып қарайтын болсақ, олар туралы сөз қозғауға әлі ертерек, себебі елде әлі де қарапайым халыққа төнетін қауіп сейілген жоқ, ал Өтпелі ұлттық кеңес қазіргі таңда ливиялықтардың қауіпсіздігін өздігімен қамтамасыз ете алатын халде емес.

«Операцияны тоқтату туралы шешім өте мұқият түрде және жан-жақты саяси әрі әскери сараптама негізінде НАТО қабылдайтын саяси шешім болып табылады. НАТО кез келген шешімді БҰҰ мен Өтпелі ұлттық кеңеспен үйлестіре отырып қабылдайтын болады», - деп атап өтті К. Ромеро.