НАТО Ливияға қарсы жасалуы ықтимал әскери операцияны жоспарлауды аяқтап келеді
БРЮССЕЛЬ. 19 наурыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - НАТО Ливияға қарсы жасалуы ықтимал әскери операцияны жоспарлауды аяқтап келеді. Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады НАТО-ның баспасөз қызметінен.
Таратылған мәлімдемеде атап көрсетілгендей, НАТО, халықаралық қоғамдастық тарапынан Каддафи режиміне жасалып отырған нақты ескерту ретіндегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ливияға қатысты қабылдаған қарауына қолдау білдіріп отыр.
«Қазіргі таңда НАТО да, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын қолдайтын тиісті шараларды қабылдауға дайын болу үшін, жоспарлау жұмыстарын аяқтап келеді. Қажетті халықаралық іс-қимылдар үшін жедел қажеттілік, аймақтың табанды қолдауы және БҰҰ-ның нақты мандаты керек», деді Альянс бас хатшысы.
Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ливияның үстінде ұшуға тыйым салынған аумақ құруды мақұлдап, арнайы қарар қабылдаған болатын. Қабылданған қарарда Ливия авиациясы үшін елдің әуе кеңістігін жабу, жерүсті күштерінің қатысуынсыз әскери операциялар жасау және Муамар Каддафимен байланысы бар елдің орталық банкі мен Ливияның ұлттық мұнай компанияларының есепшоттарын жабу мүмкіндіктері қарастырылған.