НАТО Ливияға операцияны үш айға созды

ЮССЕЛЬ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - НАТО Кеңесі сәрсенбі күні Альянстың Ливиядағы операциясын тағы үш айға - осы жылдың 31 желтоқсанына дейін созды, деп хабарлады Солтүстікатлантикалық блоктың баспасөз қызметі.
None
None

Бұған орай НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен «біз өз миссиямызды қажетіне қарай жалғастыруға бел байладық, алайда операцияны қысқа мерзімде тоқтатуға әзірміз.Техникалық жағынан операция 90 күнге ұзартылғанымен жағдайды қайта екшеп қарау бізге миссиямызды кез келген уақытта тоқтатуымызға мүмкіндік береді. Біз мұны Біріккен Ұлттар Ұйымымен тығыз үйлестіре отырып, ливиялық өкіметтің еркіне сәйкес жасап отырмыз», - деп мәлімдеді.

Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағандай, 17 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ливияның әуе кеңістігін жабуды, сондай-ақ М.Каддафи режиміне қарсы әскери операция өткізу мүмкіндігін көздейтін қарар қабылдады. 19 наурызда Ливияға батыс кооалицияның әскери операциясы басталды, оған АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Канада. Бельгия, Италия және Дания қатысты.

31 наурызда Ливиядағы операцияға басшылық НАТО-ның қолын берілді, бұл шара қару-жарақ, жеткізу, ұшусыз аймақ жасау және азаматтық халықты қорғау жөніндегі шараларды қолға алу мақсатын алдына қойды. Операция мандаты 27 маусымда аяқталды, алайда 1 маусымда НАТО операцияны 90 күнге - қыркүйектің аяғына дейін ұзартты. Алты айға жуық әскери қимылдар барысында Каддафи режиміне қарсы тұрушылар Ливияның барлық аумағына дерлік бақылау орнатуға қол жеткізді. Соғыс қимылдарындағы бетбұрыс тамыздың аяғында басталды, НАТО авиациясының қолдауымен оппозициялық күштер ел астанасы- Триполиді алды.

Соңғы жаңалықтар