07:56, 08 Шілде 2010 | GMT +5
НАТО Македонияның Солтүстікатлантикалық альянсқа қосылуы туралы мәселені қолдайтындықтарын растады
БРЮССЕЛЬ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Бұрынғы югославакиялық республика Македонияның сыртқы істер министрі Антонио Милососк пен қорғаныс министрі Зоран Коняновскийдің Солтүстікатлантикалық кеңес мүшелерімен осы ұйымның Брюссельдегі штаб-пәтерінде болған кездесуі барысында

НАТО өкілдері Македонияның Солтүстікатлантикалық альянсқа қосылуы туралы мәселені қолдайтындықтарын растады, деп хабарлайды НАТО-ның баспасөз орталығы.
Атап айтқанда, НАТО-ға мүше болу туралы жоспардың жүзеге асу үдерісін талқылау мен тыңдау барысында, Солтүстік атлантикалық альянстың өкілдері осы елдің өзіне жүктелген міндеттерін атқарудағы жұмысының ауырлығын, альянс операциясына қосқан бағалы үлесін, сондай-ақ бұрынғы югославакиялық республиканың НАТО-ға қосылуы туралы мәселеге мүдделіліктерін мақұлдады.
Солтүстік атлантикалық кеңестің өкілдері аталмыш ел астанасы төңірегінде Грекиямен болған даудан кейінгі Македонияның НАТО-ға қосылуы туралы шешімге қолдау білдірді.