НАТО мүше-елдерінің сыртқы істер министрі Альянс күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауда

 БРЮССЕЛЬ. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Бүгін НАТО-ның штаб-пәтерінде Альянс мүше-елдерінің сыртқы істер министрлері екі күндік кездесуге жиналуда.
None
None

Қатысушылар Ұйымның күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылайды. Олардың ішінде, атап айтқанда, Ауғанстандағы жағдай, Альянсты болашақта кеңейту, Ресеймен, Украинамен және Грузиямен қарым-қатынас, зымыранға қарсы қорғаныс және НАТО-ның жаңа стратегиясының тұжырымдамасы бар.

Алғашқы күні Украина-НАТО және Грузия-НАТО  комиссияларының отырысы өтеді, онда екі елдің жыл сайынғы ұлттық бағдарламаларын жүзеге асыруды ілгері жылжыту және аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланады.

Кешкі жұмыс бабындағы  қонақасы НАТО-ны кеңейту мәселелеріне арналады, онда СІМ басшылары Босния мен Герцеговинаның және Черногорияның НАТО-ға мүшелік бойынша іс-қимыл жоспарын ұсынуға даярлығына баға беріледі.

Жұма күні Альянс сыртқы істер министрлері НАТО-ға мүше емес елдердегі әріптестерімен, Ауғанстан СІМ басшысымен кездеседі.

Кеңестің қорытынды бөлігінде Ресей-НАТО кеңесі өтеді, оған Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров қатыспақ. 

Соңғы жаңалықтар