НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Норвегияның жаңа қаржы министрі болды

АCТАНА. KAZINFORM – Йенс Столтенберг Норвегияның жаңа қаржы министрі болды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Норвегияның Қаржы министрлігін басқарды
Фото: NIDS/NATO Multimedia Library

Еуропалық БАҚ-тың хабарлауынша, оның есімі Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Сторе ұсынған жаңа министрлер кабинетіне енгізілген. 

Столтенбергтің өзі Қаржы министрлігін басқару ұсынысын қабылдағанын растады. 

Йенс 2000 жылдан 2001 жылға дейін және 2005 жылдан 2013 жылға дейін Норвегияның премьер-министрі болды. НАТО-ның Бас хатшысы қызметіне 2014 жылы кірісіп, бұл лауазымды тура 10 жыл алып жүрді. Оның мандаты Украинадағы оқиғаларға байланысты ұзартылды. Столтенберг 2022 жылы НАТО-дан шығып, Норвегия Орталық банкін басқарды.

Норвегия үкіметіндегі өзгерістер қаңтар айының соңында Орталық партиясы Жұмысшылар партиясымен коалициядан шығатынын жариялағаннан кейін басталды.

Орталық партияның жетекшісі Тригве Ведум Қаржы министрі лауазымын босатып, оның орнына Й. Столтенберг келді. 

Енді Норвегия үкіметі кейінгі 25 жылда алғаш рет тек Жұмысшылар партиясының министрлерінен жасақталады. 

Соңғы жаңалықтар