НАТО-ның әуе шабуылынан 9 адам мерт болды
АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - Ауғанстанда НАТО-ның әуе шабуылынан 9 адам қаза тапты. Құрбан болғандардың қатарында екі бала бар, деп хабарлайды 24.kz.
Бейбіт тұрғындар да жарақат алды. Мерт болғандар бүлікші-тәліптер екені анықталды. Халықаралық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, оқиға елдің оңтүстік-шығысында Газни қаласында болған. Жергілікті полиция деректері бойынша, НАТО тікұшағы содырлардың шабуылына тап болған полицей бөлімін қорғамақ болған. Естеріңізге салсақ, ақпан айында Ауғанстан президенті Хамид Карзай жергілікті әскерилерге НАТО бөлімшелерінің көмегіне жүгінуге тыйым салған болатын. Себебі өткен жолы батыс жасақтарының әуе шабуылынан 9 бейбіт тұрғын қаза тапқан еді.