20:28, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
НАТО-ның Бас хатшысы Альянсқа Францияның толық құқылы мүшелігін қалпына келтіруді қуаттайды
БРЮССЕЛЬ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ – Кеше НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер өзінің мәлімдемесінде Францияның президенті Николя Саркозидің Солтүстікатлантикалық одаққа (НАТО) Францияның толық құқылы мүшелігін қалпына келтіру туралы шешімін қуаттады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Мен Франция президентінің таңдауын қызу қуаттаймын. Оның қадамы соңғы 15 жылға созылған Францияның НАТО-ға орнықты жақындауының шарықтау шегі болды, ол Франция мен Альянс арасындағы қатынастарды дамытуға жаңа серпін беретін болады. Бұл НАТО-ның өз болашағын стратегиялық шешу алдында тұрған жоғары деңгейдегі саммитке дейін бірнеше апта қалғанда орын алып отыр», ? делінген Альянс Бас хатшысының мәлімдемесінде.