НАТО-ның Бас хатшысы Кабулдағы БҰҰ қонақүйінде болған лаңкестікті айыптады

«НАТО-ның атынан бүгін Кабулда жасалған, осының салдарынан БҰҰ миссиясының қызметкерлері мерт болған және жарақаттанған қаныпезер шабуылды айыптаймын. Бейбіт өмір орнатуда ауған халқына көмек көрсетіп жатқандар осы лаңкестік оқиғаның құрбандары болды. «Талибан» өздерінің шын мәнінде ауған халқының жауы екенін тағы да көрсетті», - деп айтылған НАТО Бас хатшысының мәлімдемесінде.
Андерс Фог Расмуссен сонымен қатар, құрбан болғандардың және БҰҰ отбасыларына көңіл айтуын жолдады.
Бүгін лаңкестер Кабулдағы БҰҰ-ның қонақүйіне шабуыл жасағанын, онда БҰҰ миссиясының алты қызметкері опат болғанын және жарақаттар алғандардың бар екенін естеріңізге саламыз. Түрлі БАҚ деректері бойынша, лаңкестік үшін жауапкершілікті «Талибан» қозғалысы мойнына алған.