НАТО-ның Бас хатшысы Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық шабуыл қарулары жөніндегі бекітілген жаңа келісімді қолдайды

БРЮССЕЛЬ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ресей Федерациясы Кеңесі бекіткен Ресей мен АҚШ арасында стратегиялық шабуыл қарулары жөніндегі жаңа келісімді қолдайды,

НАТО-ның Бас хатшысы Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық шабуыл қарулары жөніндегі бекітілген жаңа келісімді қолдайды

деп хабарлайды солтүстікатлантикалық альянстың баспасөз қызметі.

«Мен Ресей Парламентінің Стратегиялық шабуыл қарулары жөніндегі жаңа ресей-американ келісімін жасағанын қолдаймын. Бұл шынайылық пен ынтымақтастықтың нығаюына үлкен үлес қосады. Мен сондай-ақ бұл келісім Ресей мен НАТО арасындағы, соның ішінде зымыранға қарсы қорғаныс саласындағы стратегиялық әріптестіктің нақты алға басуына көмектеседі деп үміттенемін», - делінген НАТО Бас хатшысының таратылған мәлімдемесінде.

ҚазАқпарат бұрын хабарлағандай, 2010 жылдың 22 желтоқсаны күні АҚШ Конгресінің Сенаты Стратегиялық шабуыл қарулары жөніндегі келісімді бекіткен болатын. Құжатты 71 сенатор қолдаса, 26 адам қарсы дауыс берген. Ал Ресей Федерациясы мен АҚШ арасындағы келісімге 2010 жылдың 8 сәуір күні Чехия астанасы Прага қаласында қол қойылған болатын.