НАТО-ның Бас хатшысы велосипедтен құлап қолын сындырып алды

БРЮССЕЛЬ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен жексенбі, 13 қараша күні велосипедтен құлап, қолын сындырып алды,
None
None

деп хабарлайды НАТО-ның ресми өкілі Оан Лунгескуге сілтеме жасай отырып әлемнің ақпарат агенттіктері.

«Ол (Расмуссен) Брюссель маңындағы орманда серуендеп жүріп, велосипедтен құлаған. Оның жағдайы жақсы, алайда бірнеше күн бойы жұмысқа шықпай, демалады», - деп мәлім еткен О. Лунгеску.

Осы аптада А. Расмуссен Латвия, Литва және Эстонияға сапар жасауы керек еді, алайда жексенбі күнгі оқиғадан соң оның сапарлары кейінге қалдырылды. О. Лунгескудың айтуынша, НАТО Бас хатшысының кеңсесі оның Балтық елдеріне жасайтын сапарын біршама кейін мерзімге ысыруға тырысады.

Соңғы жаңалықтар