НАТО-ның Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша арнайы өкілі Қырғызстанда Альянстың кітапханасын ашты

БІШКЕК. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкекке келген НАТО Бас хатшысының Кавказ және Орталық Азия елдері бойына арнайы өкілі Роберт Симмонс Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Дипломатиялық академияда Альянстың кітапханасын ашу рәсіміне қатысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кітапхананың ашылу рәсімінде сөз сөйлеген НАТО Бас хатшысының арнайы өкілі, бұл кітапхана Дипломатиялық академия тыңдаушыларына негізгі дерек көзден альянстың қызметімен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік беретінін атап көрсетті. Алдағы уақытта кітапхана қорына НАТО туралы материалдар мен мақалалар тұрақты жеткізіліп отырады, сондай-ақ компьютерлік техника беріледі.
Соңғы жаңалықтар