НАТО-ның жаңа Бас хатшысы қызметіне кірісті

БРЮССЕЛЬ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ержан  Оспанов/ -   Данияның бұрынғы премьер-министрі Андерс Фог  Расмуссен тамыздың  1-інен бастап   Солтүстікатлантикалық альянстың  (НАТО)   Бас хатшысы  қызметіне кірісті. Альянстың   жаңа Бас хатшысы   ұйымның  штаб-пәтеріне  тамыздың 3-інде келіп,  өз   міндетіне кіріседі, 

НАТО-ның жаңа  Бас  хатшысы   қызметіне кірісті

деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі   НАТО баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

Сейсенбі,  тамыздың  4-інде  Расмуссен   Солтүстікатлантикалық   Кеңес   мәжілісіне   жетекшілік   етеді.

Естеріңізге сала  кетейік, А.Ф.Расмуссен     ағымдағы жылы сәуірдің  3-4-інде  Страсбург/Келеде өткен   НАТО-ның  мерейтойлық  саммитінде     жаңа Бас хатшы болып  сайланған болатын.