НАТО Ресеймен әскери ынтымақтастықты қалпыны келтіргісі келеді

МӘСКЕУ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат – НАТО мен Ресей әскери ынтымақтастықты қалпына келтіруі тиіс. Альянстың Еуропадағы біріккен қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы және АҚШ Қарулы Күштерінің Еуропадағы қолбасшысы Джон Крэддок осындай пікір айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап. Ол бірлескен жаттығулар, әскери өзара іс-қимылдың басқа да түрлерін жүзеге асырғысы келетінін атап өтті және таяу кездері НАТО мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынастардың жақсаратынына үмітін білдірді.Ресей мен НАТО арасындағы әскери ынтымақтастық альянстың бастамасымен Оңтүстік Осетиядағы тамыздағы соғыс жанжалдарынан кейін тоқтатылған болатын.
Соңғы жаңалықтар