НАТО Сирияны халықаралық құқықты өрескел бұзушылықты тоқтатуға үндеді

БРЮССЕЛЬ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Түрік-сирия шекарасында болған оқиғаға байланысты Солтүстікатлантикалық кеңес Брюселльде жиын өткізіп, онда Сирия билігін сынға алды.  
None
None

Бұл туралы НАТО-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Таратылған мәлімдемеде атап көрсетілгендей, сирия билігінің НАТО-ның оңтүстік-шығыс шекарасындағы жуырдағы агрессияшылдық актілеріне байланысты  Солтүстікатлантикалық кеңес Вашингтон келісімінің 4-бабы аясында кездесу өткізд. Бұл әрекеттер халықаралық құқықты өрескел бұзушылық болып табылады және Альянс одақтастарының бірінің қауіпсіздігі үшін айқын әрі нақты қауіп төндіреді. Кеңес сондай-ақ сириялық қарулы күштердің Түркияның кейбір аудандарына оқ жаудырған әрекеттерін айыптады.

«Вашингтон келісімінен туындайтын ажырамас қауіпсіздік пен ниеттестік рухында Альянс Түркияны қолдауды жағастырады және одақтастарға қарсы  мұндай басқыншылық әрекеттерді тез арада тоқтатуды талап етеді. Сондай-ақ сирия билігін халықаралық құқықты өрескел бұзуды тоқтауға шақырады», - делінген үндеуде.

Соңғы жаңалықтар