09:15, 28 Қараша 2011 | GMT +5
НАТО тағы алты провинцияны ауған өкіметінің бақылауына бермек
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Ауғанстан президенті Хамид Карзай НАТО ел өкіметіне ауған аумағындағы екінші топты бақылауға беретінін мәлім етті, деп хабарлады Би-Би-Си-дің орыс қызметі.

Бұл қадам 2014 жылға дейін толық жүзеге асырылуы тиіс ауған құқық қорғау құрылымдарына елдегі қауіпсіздікті бақылауға беру жоспарының бір бөлігі болып табылады.
Президент әкімшілігінен хабарлағандай, ауған күштеріне бақылауға алты провинция, жеті қала және ондаған округ берілді. Олардың ішіндегі Гильменд провинциясының үш округі исламдық қарсыласу ошағы болып саналып келген болатын, алайда қазір халықаралық коалиция күштері оларды толық бақылауға алған.