НАТО Украина төңірегіндегі жағдай бойынша кезектен тыс отырысын өткізеді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - НАТО-ның Солтүстікатлантикалық Кеңесі (Ұйымның жоғарғы саяси органы) бүгін Альянстың 28 мүше-мемлекеттерінің тұрақты өкілдері деңгейінде Украина төңірегіндегі жағдай бойынша кезектен тыс отырысын өткізеді, деп хабарлады Солтүстікатлантикалық блоктың баспасөз қызметі.

НАТО Украина төңірегіндегі жағдай бойынша кезектен тыс отырысын өткізеді

Вашингтон шартының 4-бабына сәйкес отырыс Польшаның сауалы бойынша өтеді. Бұл бап НАТО елдерінің егер олардың біреуіне өз қауіпсіздігіне елеулі қауіп төнетін болса, консультациялар өткізу мүмкіндігін қарастырады.

Польша кездесу өткізу туралы сауалында көршілес Украинадағы жағдайды «Еуро-Атлантикалық аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін тікелей және елеулі салдары бар», деп атады.

Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорски атап өткендей, отырыс Вашингтон шартының 4-бабы ауқымында НАТО тарихында 4-ші рет өткелі отыр.