Наубайханадан 4 миллион рубль салынған сейф ұрланды
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Мәскеуде Череповецкий көшесі бойында орналасқан наубайханадан 4 млн. рубль бар сейф ұрланды,
деп хабарлайды Интерфакс.
Қылмыс кеше таңғы сағат төрттің шамасында жасалған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қарақшылар наубайханаға 2-ші қабаттағы терезе арқылы кіріп, күзетшіні ұрып-соғып, байлап тастаған. Осыдан кейін наубайхана директорының кабинетіне кіріп, ақша салынған сейфті алып кеткен.