Наубайханашы демалыссыз жұмыс жасағаны үшін сотқа тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциядағы «Үздік нан - 2014» титулының жеңімпазы Стефан Казнав тынымсыз жұмыс жасағаны үшін айыпты деп танылып отыр. Оның нан дүкені аптасына 7 күн бойы жұмыс жасайды, ал бұған Франция заңында тыйым салынған.

Наубайханашы демалыссыз жұмыс жасағаны үшін сотқа тартылды

«Еңбек инспекторы екі рет келіп мені тергеп кетті, тіпті полиция да сұрақтың астына алды. Енді мені сот күтіп тұр», - деді наубайханашы.

Сот Казнавқа аптасына 6 күн жұмыс істеу туралы шешім шығарды, енді оның наубайханасы дүйсенбі сайын жабық болады. Оның айтуына қарағанда, ол 250 мың еуро шығынға батады, сондай-ақ бірнеше қызметкерлерді жұмыстан шығаруға мәжбүр болып отыр. «Мен қатты таңғалдым, бірақ бұл заң, одан аса алмаймыз», - деп күйінді ол.

Айта кетейік, Францияда аптасына 7 күн жұмыс істеуге тек белгілі бір мекемелерге (қонақүй, өрт сөндіру қызметі, БАҚ) ғана рұқсат беру туралы заң ғасырдан астам уақыт бұрын қабылданған болатын.