Нәубет жылдары Алматы облысында 8 мыңнан астам адам жазықсыз атылған

Бүгін Талдықорғанда өңір басшылары мен зиялы қауым өкілдері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, Ілияс Жансүгіров ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Алаш арысы, ақын 1937 жылы тұтқындалып, жарты жыл абақтыда азапталды. Ал ақпанда оққа ұшты. Ғалымдардың айтуынша Ілияс Жансүгіровтің нақты қай жерде жерленгені әлі белгісіз. Ал Жаңалық ауылының маңында жатыр деген тек болжам ғана. Ілиястанушылар қаламгердің шығармашылығы мен өмірі әлі де терең зерттеуді қажет етеді деген пікірде. Еске алу жиынына ақынның немере қарындасы Нұрпан Жансүгірова да келіп, есте қалған сәттерімен бөлісті.
«Ылғи қазақтарды ұстады. Қандай жақсы, қандай білімді, қандай ақылды адамдардың бәрі кетті ғой Ілияс сияқты. Ілияспен бірге жүрген Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин. Үшеуі бірге жүретін.Үшеуі жолдас болған екен»,- деді Ілияс Жансүгіровтың немере қарындасы Нұрпан Жансүгірова.