Науқас жігіт арқа қоржындағы жасанды жүрекпен бір жарым жыл өмір сүрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 жастағы америкалық Стен Ларкинге жүрек ауыстыру отасы жасалды. Алайда бұған дейін ол 18 ай арқа қоржынындағы жасанды жүрекпен өмір сүрді. Ол жүйе Syncardia аталады, ол Ларкинге донор табылғанша көмекке келді, деп хабарлайды sciencealert.com.

Стен Ларкин мен оның туған ағасы жүректері белгісіз себеппен тоқтап қалуы мүмкін генетикалық дертке шалдыққан. Хирургтер екі науқастың да жүректерін алып тастап, Syncardia жүйесіне қосқан. Бұл оларды аман сақтап, кездейсоқ өлімнің алдын алуға мүмкіндік берді.

Доминик донорды бірнеше апта күтсе, Стен сыртқы жүрекпен 550-ден астам күн өмір сүрді.   

Syncardia-ның салмағы  алты келі, науқас тыныш өмір салтын ұстануы қажет. алайда Стен тұрақты түрде баскетбол ойнап, дәрігерлерді таңғалдырды.   

null   

Соңғы жаңалықтар
telegram