Науқастанып аурухана түскен Қазақстан азаматынан қатерлі тұмау анықталған жоқ - Мәскеу

МӘСКЕУ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - «Ресейтұтынуқадағалау» ведомствосының басшысы,

Науқастанып  аурухана түскен Қазақстан  азаматынан қатерлі  тұмау анықталған    жоқ  - Мәскеу
Ресей Федерациясының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко жексенбі күні ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына Мәскеу әуежайында Канададан ұшып келген Қазақстан азаматы қатерлі H1N1 тұмауының белгілерімен ауруханаға түскенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ресейтұтынуқадағалау» ведомствосының мәліметтері бойынша, мамырдың 2-3-і күндері қатерлі тұмау ошақтары тіркелген елдерден Ресей Федерациясының жеті әуежайына 52 рейс ұшып келді. Олардың бортындағы 1763 жолаушы мен 270 экипаж мүшесі тексерілген.«Кеше Ресейге Канададан ұшып келген Қазақстан азаматынан тұмау белгілері байқалған еді. Жүргізілген зерттеулер барысында ол азаматтан H1N1 тұмауы анықталған жоқ», - деп хабарлады Г.Онищенко. Мәскеудегі №1 клиникалық инфекциялық ауруханасына жатқызылған науқастан алынған зерттемелерден жоғары патогенді А тұмауы (H1N1) вирусы табылмаған. Геннадий Онищенконың айтуынша, Ресейде америка құрлығынан ұшып келіп жатқан ұшақтарды санитарлық бақылау жалғаса бермек. Сондай-ақ Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен жолаушылар ұшып келіп жатқан еуропалық рейстер де тексерілуде.