Науқастар санының артуы болжамға сәйкес келіп отыр – Бекшин

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жыл басынан 26 сәуірге дейін қалада коронавирустың 33 230 жағдайы тіркелді. Былтыр 18,5 мың болған. Яғни, 1,8 есе артық. Өткен тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырған.

«Осы жылдың сәуір айында аурушаңдық болжамды түрде өсуін жалғастыруда. Эпидемияның даму серпіні 3-аптадағы писсемистік болжамға сәйкес келеді. Болжам бойынша 14 483 жағдай көзделген, ал сәуірдің алғашқы үш аптасында вирус жұқтырған 13 397 оқиғасы тіркелді. Сондықтан қаладағы эпидемиологиялық жағдай қазір күрделі. Сол себепті шектеу шараларын жұмсартқан жоқпыз», - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар ол вирустың қазіргі даму динамикасында симптомы бар науқастар санының көбейгенін атап өтті.

«Биылғы қаңтар айында симптоммен тіркелген науқастардың үлесі 73% болса, бүгінгі таңда ол 90%-ға жеткен. Бұл аурудың неғұрлым агрессивті қоздырғышының болуын растайды. Оған қоса вирустың мутацияланған штамдары пайда болды»,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар