Науқасты тепкілеген дәрігер: Оқиға Астанада тіркелмеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желіде медицина қызметкерінің пациентті тепкілегені түсірілген видеороликке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Науқасты тепкілеген дәрігер: Оқиға Астанада тіркелмеген

Айта кетсек, Инстаграм парақшасында медициналық қызметкердің пациентті сабаған видеосы тарап кеткен болатын. «Астана қаласының №2 ауруханасында тіркеліпті» деген жазумен тараған видео біршама қоғамдық резонанс тудырып отыр.

Бүгін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі аталмыш оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Медициналық қызметкердің пациентті сабағаны түсірілген кадры бар әлеуметтік желіде тараған видео интерьері бойынша Астана қаласының №2 қалалық ауруханасында сәйкес келмейді. Аталған видеороликтегі адамдар Астана қаласының №2 қалалық ауруханасының қызметкерлері емес. Жалпы, бұл оқиға Астана қаласындағы медициналық ұйымдарында тіркелмеген», - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

View this post on Instagram

Здарова админ. Говорят 2 городская в Астане.

A post shared by Жесть в Казахстане (@zhest_kz) on Oct 2, 2018 at 11:01am PDT