Науқастың аман қалуы жедел жәрдем қызметіне тікелей байланысты - Елжан Біртанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстанның барлық өңіріндегі жедел жәрдем бригадалары мүшелеріне арналған шеберлік сабақтары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Шарада Ресей, Израиль, Қытай және Малайзиядан келген мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Израильдік мамандар төтенше оқиғада зардап шеккендермен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетсе, Қытай мамандары - жаңа технологиялар жөнінде әңгімеледі. Малайзиялықтар науқасты емдеуге көмектесетін шөптер туралы, ресейліктер - жүрек-өкпе реанимациясы туралы баяндады.
null null 

Шеберлік сабағына ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та қатысты.

«Мен үшін жедел медициналық көмек - базалық мамандық. Басымдық беретін жеке кәсіби мақсатым да - еліміздегі жедел жәрдем қызметін жетілдіру. Бүгінде дәл осы шұғыл медициналық көмек мәселелері аса өзекті болып отыр. Халықтың өмір сүру жасын ұзарту - мемлекет дамуындағы, денсаулық сақтау жүйесіндегі стратегиялық индикаторлардың бірі болып табылады. Созылмалы аурумен немесе қарттықпен байланысы жоқ аяқасты өлім бұл көрсеткішке айтарлықтай ықпал етеді. Өкінішке қарай, біздегі бұл көрсеткіш көңіл көншітерліктей емес. Елімізде жарақаттан, уланудан және өзіне өзі қол салудан болатын өлім деңгейі жоғары», - деді министр.   
null 

Сонымен бірге, министр дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда ауруханаға дейінгі немесе алғашқы тәулікте қайтыс болу деңгейі жоғары екенін атап өтті. Е.Біртанов мұны медицина қызметкерлерінің кәсібилігімен емес, инфрақұрылыммен, жабдықтаумен, жедел жәрдем қызметін дұрыс ұйымдастырумен байланысты екенін жеткізді.

«Көптеген дамыған елдерде 40-50 жаста миокард инфарктінен қайтыс болу сирек кездеседі, ал бізде бұл оқиғалар жиі орын алады. Мұнда әрине, алдын алу, ауруды ерте анықтау мәселелері де бар. Бірақ, түптің түбінде шұғыл жағдай болады және барлығы жедел жәрдем қызметкерлеріне, қабылдау бөліміне тікелей байланысты болады. Сондықтан, өткен жылдан бастап, дәл осы бағыттағы жұмыстарды күшейттік. Жаңа стандарттар мен бұйрықтар қабылдадық», - деп түйіндеді Елжан Біртанов.

Соңғы жаңалықтар