Науқастың жағдайын жедел жәрдем көлігінің түсі арқылы анықтауға болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайда жедел жәрдем көлігінің түсі науқастың жағдайына байланысты өзгеріп отыратын болады. Бұндай шешімді ұлттық жедел жәрдем басқармасы қабылдаған.
Егер де көліктің түсі қызыл болса, бұл көліктегі науқастың жағдай өте ауыр екендігін білдіреді. Бұндай кезде басқа жүргізушілер жолды босатады, себебі науқастың өмірін сақтау үшін әрбір минут қымбат, деп жазады РБК.