Наурыз айынан бері 500 мың палестиналық босқынға айналды

АСТАНА. KAZINFORM – 18 наурызда Израиль Газадағы шабуылдарын қайта бастады. Содан бері 500 мың палестиналық үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы хабарлады, деп жазады Анадолы.

Наурыз айынан бері 500 мың палестиналық босқынға айналды
Фото: Анадолы

WAFA ақпарат агенттігінің мәліметінше, шабуылдар қайта басталғалы бері жарты миллионға жуық палестиналық босқынға айналған.

БҰҰ 2025 жылғы 19 қаңтарда жасалған уақытша бітімге дейін де жүз мыңдаған палестиналық өз үйлерін тастап кеткенін еске салды.

Шабуылдар қайта басталғалы 1 652 адам қаза тапты, олардың басым бөлігі – әйелдер, балалар және қарттар. Одан бөлек 4 391 адам жарақат алды.

2023 жыл 7 қазаннан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтар саны 51 025-ке жетті, 116 432 адам жараланған.

Бұған дейін Газада көз жұмғандар саны 51 мыңға жеткенін жаздық. 

Франция басшысы гуманитарлық көмекті жеткізу үшін өткізу бекеттерін ашуға шақырды. 

Соңғы жаңалықтар