«Наурыз» ипотекалық бағдарламасының бастапқы жарна мөлшері төмендей ме – Роман Скляр жауабы
АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының «Наурыз» ипотекалық бағдарламасының бастапқы жарна мөлшерін төмендетуге қатысты сауалына жауап берді.
«9-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй үшін бастапқы жарнаның мөлшерін төмендетуге қатысты келесіні атап өткен жөн. Несие бойынша бастапқы жарна кепілді қарыздар мен кредиттік тәуекелдер үшін қаржылық тәуекелдерді міндетті сақтандыру саналады. Банктердің мақсаты несие алушының төлем қабілеттілігін сапалы және теңгерімді бағалау болып табылады. Бұл оған болашақта ипотекалық несие төлеу арқылы жайлы өмір сүруге мүмкіндік береді. Бұл ретте, бастапқы жарна мөлшерінің төмендеуі несие алушыға ай сайынғы қаржылық жүктемені ұлғайтады. Сондықтан ол тиімсіз болып саналады», — деді Роман Скляр.
Алайда, бірінші вице-премьер табысы төмен азаматтарға бастапқы жарнаны төлеу бөлігінде қаржылық қолдау көрсету үшін жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй сертификаттарын бөлетіндігін атап өтеді. Мәселен, 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін жергілікті атқарушы органдар 1,6 млрд теңгеден астам сомаға сертификаттар бөлген.
«Кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеге қатысты „Отбасы банк“ АҚ бағыты бойынша 2, 5, 7 және 9 пайыз болатын түрлі шарттармен ипотекалық бағдарламалардың бар екенін атап өтеміз. Сондай-ақ „Наурыз“ ипотекалық бағдарламасы бойынша (9-20-25) халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жылдық 7 пайыз төмендетілген мөлшерлеме қарастырылған», — деді ол.