Мереке күндері жол қозғалысы қалай өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM – Наурыз қарсаңында Sergek ITS сарапшылары Астана мен Алматы жолдарындағы көлік жүктемесін талдап, өткен жылдағы мәліметтер негізінде биылғы ықтимал жағдайға болжам жасады. Бұл туралы Sergek Group коммуникация департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Наурызда жол қозғалысы қалай өзгереді
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Екі қалада да көлік қозғалысы мереке күндері айтарлықтай артады. 2024 жылы Астанада 20 наурызда пик сағаттарында орташа қозғалыс жылдамдығы төмендеген:

– Таңғы қарбалас уақытта

– Бөгенбай батыр даңғылы (екі бағытта) → -5–11%

– Тілендиев даңғылы (батыс) → -6–12%

– Тұран даңғылы (солтүстік) → -13%

– Кешкі қарбалас уақытта:

– Қабанбай батыр даңғылы (оңтүстік) → минус 12–15%

– Қорғалжын тас жолы (батыс) → минус 10–15% (13:00-ден түнге дейін)

– Тұран даңғылы (солтүстік), Абылай хан даңғылы (батыс) → минус 5–6% (15:00-ден бастап)

Наурызда жол қозғалысы қалай өзгереді
Фото: Sergek Group коммуникация департаментінен

Алматыда 2024 жылғы 20 наурызда жол қозғалысы барлық дерлік көшелерде 19–36%-ға артқан. Әсіресе, сарапшылар ВОАД (солтүстік) және әл-Фараби даңғылын (шығыс) ерекше атап өтті. ВОАД → +36%. Әл-Фараби даңғылы → +31% 

Пик сағаттарында қозғалыс жылдамдығы өзгермеген, көлік ағыны біркелкі таралып отырған. 

Биыл да дәл осы жағдай қайталануы ықтимал. Сондықтан Астана мен Алматы тұрғындарына жолға қосымша 15–20% уақыт қарастыру керек. Мерекені үйге жақын жерлерде атап өтіп, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынамыз. 

Еске сала кетейік, бұған дейін екі облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелгенін хабарлаған едік.