Наурыз айынан бастап №30 және №42 автобустардың бағдары өзгереді
АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Орынбор, Алматы және Сарайшық көшелері бойында жаңа тұрғын үй кешендері пайдалануға берілетіндіктен, Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы №30 және №42 автобустардың бағдарына мынадай өзгерістер енгізуді шешті:
- №30 автобус: «Сусамыр көшесінен» бастап «Министрліктер үйі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі - Орынбор - Алматы - Сауран көшелерімен - одан әрі ескі бағдар бойынша;
- №42 автобус: «Ет комбинатынан» бастап Қабанбай батыр көшесі бойымен «17 мектеп-гимназиясы» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі Сарайшық - Түркістан - Қонаев көшелерімен - одан әрі ескі бағдар бойынша;
Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан astana.kz сайтына хабарлағанындай, бұл өзгерістер биылғы жылдың 2 наурызынан бастап енгізіледі.
Естеріңізге саламыз, бұдан бұрын №16 автобустың бағдарына мынадай өзгеріс енгізілген болатын: «Ет комбинатынан» бастап Балқантау көшесінің бойымен «Бесшалқар көшесі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі Бесшалқар - Шалкөде көшелерімен жүреді, соңғы аялдама - «Промышленный т/а». «Промышленный» тұрғын үй алабына жүретін №13 автобус бағдары жабылғандықтан, тұрғындардың өтініші бойынша осындай шешім қабылданды.