Наурыз айынан бастап мұзда балық аулауды тоқтату керек - ТЖД
«Нұр-Сұлтан қаласына су Есіл өзенінен, «Астана су арнасынан» келеді. Қазіргі уақытта «Астана су арнасының» 170 млн текше метр су қабылдайтын қауқары бар. Елорданы су басудан қорғайтын бақылау-реттеушінің су қабылдау қауқары - жоба бойынша 450 млн текше метр. Ол жерде қазір су жоқ, бос тұр»,- дейді Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов.
Сондай-ақ, ол Нұр-Сұлтан қаласындағы қордан 152 техника мен құрал алынғанын және «Астана Тазалық» мекемесіне, төтенше жағдайдар департаментіне, «ҚазАвтоЖол» мекемесіне берілгенін айтты.
«Нұра өзені туралы айтатын болсақ, Қарағанды, Ақмола облыстарындағы әріптестерімізбен хабарласып отырмыз. Бүгінгі таңда өзендегі мұздың қалыңдығы - 50-52 см. Наурыз айынан бастап мұзда балық аулауды және сырғанауды тоқтату керек», - дейді ол.