Наурыз айында Атырауда әйелдерге арналған жаңа түрме ашылады
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 2010 жылдың наурыз айында Атырауда әйелдерге арналған жаңа түрме ашылмақ.
Бұл туралы бүгін Әділет министрлігі Қылмыстық атқару комитетінің қоғамдық бақылау комиссиясының отырысы барысында комитет төрағасы Мейрам Аюбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түрме құрылысы толығымен аяқталды. М. Аюбаевтің айтуынша, қабылдау комиссиясы жаңадан салынған мекеменің құрылыс сапасына тексеріс жүргізіп болды. Комиссия пайдалануға беру және оның жарамдылығы жөнінде өзінің оң шешімін берді.
«Қазіргі уақытта тиісті штат құрамы жасақталуда. Әйелдерге арналған түрме шамамен наурыз айында ашылады», деп атап көрсетті ол.