Наурыз айында азық-түлік тауарларының бағасы былтырғы жылғы кезеңмен салыстырғанда 5,4 пайызға өсті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылғы наурызда 2009 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 41 пайыз, кофе, шай және какаоға - 14,7 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 8,1 пайыз, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 7 пайыз, алкогольді ішімдіктерге - 6,1 пайыз, сүт өнімдеріне - 5,3 пайыз, май және тоң майға - 2,4 пайыз, макарон өнімдеріне - 0,7 пайыз өскен. Ал керісінше бағаның төмендеуі ұнға 17,4 пайызды, жармаға - 6,4 пайызды, нанға - 3,8 пайызды, жемістер мен көкөністерге - 1,8 пайызды құраған.
Сондай-ақ, есепті кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 9 пайызға байқалған. Бұл ретте шошқа етіне баға деңгейі 12,7 пайыз, құс етіне - 9,3 пайыз, шұжық өнімдеріне - 7,3 пайыз, қой етіне - 5,2 пайыз, жылқы етіне - 3,4 пайыз жоғарылағаны тіркеліп отыр.