Наурыз айында Бейжіңде қытайлық парламенттің сессиясында ҚХР-ның жаңа басшылығы сайланады
БЕЙЖІҢ. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 12-ші шақырылымының бірінші сессиясы 5 наурыз күні Бейжіңде ашылады, деп хабарлайды қытайлық парламенттің баспасөз қызметінен.
Күтіліп отырғандай, екі аптаға созылатын алдағы сессияда ҚХР төрағасы мен оның орынбасары сайланады, ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьері мен Қытай орталық үкіметінің жаңа құрамы бекітіледі. Сондай-ақ ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы, Жоғарғы халық сотының төрағасы және Жоғарғы халық прокуратурасының бас прокуроры сайланады.