15:43, 02 Сәуір 2015 | GMT +5
Наурыз айында еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейі 19 016 теңгені құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы наурызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 19 016 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2015 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендесе, 2014 жылғы наурызбен салыстырғанда 5,4 пайызға өсті.
Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, күнкөріс деңгейінің құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 22,1 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 17 пайызды құраған. Күнкөріс деңгейінің шамасында жемістер мен көкөністер үлесі 10,8 пайызды, нан және жарма өнімдері 8 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштер 2,1 пайызды құрады.