Наурыз айында елордада ІІ Астаналық экономикалық форум болады

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алдағы наурыз айында елордада ІІ Астаналық экономикалық форум ұйымдастырылады. Алқалы жиын Еуразияның экономикалық қауіпсіздігіне арналмақ. Бұл туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Бақыт Сұлтанов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, бүгінде 51 мемлекеттен және 15 халықаралық ұйымдардан форумға қатысуға 200-ден астам ғалымдар мен экономистер ниет білдірген. Олардың ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары профессор Э. Фелпс пен профессор Р. Мэндел, сондай-ақ Ислам даму банкінің президенті және басқа да ірі қаржы институттарының өкілдері бар. «Астанада өткелі жатқан бұл кеңесте нақты мәселелер мен аймақтағы жағдайды оңалту бағытындағы шаралар жайлы кеңінен талқыланатын болады», - деді Б. Сұлтанов.
Соңғы жаңалықтар