Наурыз айында Қазақстан еңбекшілерінің форумы өтеді

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 17 наурызда Қазақстан еңбекшілерінің форумы өтеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев айтты.

Наурыз айында Қазақстан еңбекшілерінің форумы өтеді

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта еліміздің Кәсіподақ федерациясын өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз етіп отырған 2,5 миллионға жуық азаматтарымыздың ешқандай әлеуметтік мәселелерге қатыса алмауы толғандыруда. Дегенмен, мемлекетіміздің еңбекпен қамту жаңа бағдарламасын әзірлеп, 1,5 милион адамға жұмыс орынын тауып беруге құлшынысы қуантады. Ол үшін Үкімет бағдарламаны жүзеге асырудың тетіктерін айқындап, нақты қаражатын да бөлгелі отыр.

Өз сөзінде еліміздің кәсіподақтары аталған шараларға тікелей қатысуы керектігін баса айтқан С.Мұқашев: «Бұл біздің ауылдағы азаматтарымызға, әсіресе жастарымызға үлкен көмек береді. Оған біздің де қатысуымыз әрі өз бағдарламамызда солай жазуымыз қажет. Сондықтан 17 наурызда Қазақстан еңбекшілерінің форумын өткізейік деп отырмыз», - деді.