Наурыз айында Қазақстанда 46 мыңнан астам автокөлік тіркелді

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылғы наурызда республикада 46 282 жеңіл автомобиль тіркелген.
None
None

Бұл жайында бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 44,2%-ға жоғары.

«2012 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жеңіл автокөліктің қолда бары 3 549,5 мың бірлікті құрады», - дейді ол.

Ең жоғары көрсеткіш ОҚО (6908), Алматы қаласында (6233), Алматы облысында (5702), ШҚО (4080) және Астана қаласында (3145) тіркелген.  

Соңғы жаңалықтар