Наурыз айында Қазақстанда тұрғын үй саласында келісімшарттарды жасау 10 пайызға төмендеді - Статистика

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Биылғы наурызда Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу және сату бағытындағы келісімдер 11 630-ды құрады.

Наурыз айында Қазақстанда тұрғын үй саласында келісімшарттарды жасау 10 пайызға төмендеді - Статистика

Ақпан айымен салыстырғанда мұндай келісімдер 10,4 пайызға төмендеген. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агентігінде мәлім болды.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, 2012 жылғы қаңтар-наурыз айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үйді сату және сатып алу жөніндегі келісімдер 16,4 пайызға артып отыр.

Статистикалық мәліметтер бойынша Ақмола облысында осындай 623 келісім тіркелсе, Алматы облысында 1090, Оңтүстік Қазақстан облысында 1105, Астанада 776 болса, сондай-ақ Алматыда 1657 келісім тіркелді.