Наурыз айында Қазақстандағы инфляция 0,3 пайызды құрады

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат -  2012 жылғы наурызда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,3 пайызды құрады.

Наурыз айында Қазақстандағы инфляция 0,3 пайызды құрады

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,5 пайызға, азық-түлік емес тауарларына және ақылы қызметтерге  0,2 пайызға өсті.

 Өткен айда бағаның жоғарылауы қантқа 5,1 пайызды, ет және құс етіне - 1,4 пайызды, жаңа жиналған жемістерге - 0,9 пайыз, жұмыртқаға - 0,8 пайызды, кондитерлік өнімдерге - 0,5 пайыз, балық және теңіз өнімдеріне - 0,4 пайыз, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдерге - 0,3 пайызға тіркелді. Бағаның төмендеуі жармаларға 4 пайыз деңгейінде, картопқа - 2,4 пайыз, күнбағыс майына - 1,3 пайыз, ұнға - 0,5 пайыз, жаңа жиналған көкөністерге - 0,2 пайызға белгіленді.

Баға өсімі шыны және қыш бұйымдарына 0,7 пайыз, жуғыш және тазалағыш құралдарына, жеке күтімге арналған тауарларға - 0,4 пайыз, фармацевтикалық өнімдерге, киім және аяқ киімге  0,3 пайызды құрады. Баға бензин және дизель отынына 0,2 пайызға төмендеді.

 Тұрғын үй коммуналдық қызметтер саласында төлем 0,2 пайызға өсті.