Наурыз айында қазақстандық Премьер-Лигадағы үздік футболшының есімі аталды

Отыз үшінші сауалдамаға Премьер-Лига клубтарының барлық бас жаттықтырушылары және 12 футболшы қатысты.
Әрбір респондент оның пікірінше, Қазақстан чемпионаттарына қатысушылар арасынан үш футболшының есімін атады. Бірінші орын үшін футболшы үш ұпай, екінші орынға - екі, үшінші орынға - бір ұпай берілді. Сауалнамада барлығы 23 футболшының есімдері көрсетілді.
Сонымен март айындағы жеңімпаз «Астананың» колумбиялық жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс болып шықты. Ол бұдан бұрын 2014 жылғы қазанда өткізілген сауалдамада да үздіктер қатарынан көрінген болатын. Рохер мен оның командасы биылғы маусымды чемпионға тән шалымдылықпен бастады: төрт турда 10 ұпай жинады, ал Каньянстың өзі болса, үш доп соқты. Рохер Каньянстың жинаған ұпайы 26.
Екінші орында «Қайраттың ивуариялық шабуылшысы 29 жастағы Жерар Гоу аталды. Алғашқы матчта-ақ «Тобылға» қарсы ойында ол хет-рикті рәсімдеп, төрт турдан кейін төрт доп соғып, чемпионаттың үздік шабуылшысы атанды. Қазақстандық чемптионатта Гоу 16 матчқа қатысып, 16 гол соқты. Ол 19 ұпай жинады.
Үшінді орын «Атыраудың» 30 жастағы жартылай қорғаушысы Мақсат Байжановта. Қызылорда футболының тәрбиленушісі төрт турда үш гол салды, сөйтіп, Премьер-Лигада соғылған 30 доп межесінен асып түсті. Мақсат Байдановтың ойыны ескерусіз қалған жоқ, ол барлығы 17 ұрай жинады.