Наурыз айында павлодарлық 96 отбасы қоныс тойын тойлайды
ПАВЛОДАР. 1 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Наурыз айының басында 96 отбасы Павлодардағы құрылысы аяқталған жаңа тоғыз қабатты үйде қоныс тойларын тойлайды,
деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Тұрғын үй комиссиясының отырысында болашақ қоныс той иелерінің өтініштері қаралды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылған бұл үйден облыс орталығының әлеуметтік жағынан қорғалатын тұрғындары - жетімдер, бюджет және мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскерилер және мұғалімдер баспана алады. «Құлағалы тұрған жалғыз баспанасы бар азаматтар» санаты бойынша да алғаш рет бір отбасыға пәтер берілгелі отыр.