Наурыз айында тұрғын үй нарығында бағалар біршама өсті
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың наурызында тұрғын үй нарығында бағалар біршама өсті,
деп хабарлайды Статистика агенттігінен.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың наурызында алдындағы айлармен салыстырғанда, жаңа салынған үйлер құны 0,9 пайызға, жайлы үйлерді алып-сату 1,8 пайызға, тұрғын үйлерді алып-сату 1,5 пайызға, жайлы үйді жалға беру құны 0,8 пайызға артты.