Наурыз айының соңғы күндері жауын-шашынды болады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 29-31 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады.
"Каспий теңізінің үстінде қалыптасқан, циклон, Қазақстанның батыс, орталық және солтүстік облыстары арқылы Батыс Сібірге қарай жылжиды. Осы циклонның салдарынан жер-жерлерде жауын-шашын, көктайғақ, тұман, екпінді желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, ал 31 наурызда республиканың батысы мен солтүстігінде батыс желдің қарқыны 18-23 м/с, кей жерлерде 28 м/с күшейеді. Осы циклонмен байланысты, атмосфералық фронттармен Қазақстанның оңтүстігінде 29-31 наурызда, оңтүстік-шығыс пен шығыста 31 наурызда күн бұлтты, жаңбырлы болып, шығыста қарға көшуі мүмкін. Бірақ тропосферадағы ауа массасының Иран аудандарынан, оңтүстік-батыстан көшуі жалғаса береді де, республикада температура орташа көпжылдықтағыға жуық, ал оңтүстік пен шығыста ол 5-10º жоғары болады», - делінген хабарламада.