Наурыз айының соңына дейін 7 млн италияндық коронавирусқа қарсы вакцина алмақ

РИМ. ANSA- ҚазАқпарат – Наурыз айының соңына дейін 7 млн италияндық коронавирусқа қарсы вакцина алмақ. Бұл туралы Италия үкіметінің коронавируспен байланысты төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы комиссары Доменико Аркури айтты, деп жазады ANSA агенттігі.

Наурыз айының соңына дейін 7 млн италияндық коронавирусқа қарсы вакцина алмақ

Аркуридің айтуынша, орталық үкімет өңірлік және провинция билігімен бірлесіп көп жұмыстар атқарып жатыр және наурыз айының соңына дейін 7 млн италияндық коронавирусқа қарсы вакцина алмақ.

Айта кетсек, Италия коронавирус пандемиясынан қатты зардап шеккен Еуропа елдерінің бірі.

Италияның экономикалық жағдайы қазір қиын кезеңді бастан кешіп жатыр. Экономиканың негізгі салаларының бірі - туризм пандемия кезінде үлкен шығынға ұшырады. 2020 жылы Италия экономикасы 9%-ға қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі 10%-ды құрайды. Жұмыссыздық деңгейі әсіресе жастар арасында жоғары болып тұр. Оның үстіне жақында Италияның премьер-министрі қызметінен кетті.