Наурыз бен қазақтың ұлттық тағамдарын жақсы көремiн - «Барыс» шабуылшысы Брендон Боченски

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық "Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Брендон Боченски қазақтың ұлттық тағамдары мен Наурыз мейрамын ұнатады. Бұл туралы ол "ҚазАқпарат" тiлшiсiне берген сұхбатында мәлiм еттi.
None
None

- Брэндон, Сiз елордалық "Барыс" клубында төртiншi жыл қатарынан өнер көрсетiп жүрсiз. Осы аралықта қазақтың салт-дәстүрлерiмен, жергiлiктi мәдениетпен және мейрамдарымен танысып үлгердiңiз бе?

- Қазақстанда көп жыл жұмыс iстеп жүргенiме қарамастан, мен жергiлiктi жердiң мейрамдарын қолымнан келгенше етене тануға тырысып бағамын. Себебi менiң отанымдағы мерекелерге қарағанда Қазақстанда олардың саны әлдеқайда көп екен. Жақында ғана 8 Наурыз өткен сияқты едi, ендi мiне, Наурыз мейрамы да келiп қалды. Қысқасы думан көп. Шынына келсек, бiзде уақыт аз, мейрамдар тасада қалып жатады көп ретте, жаттығулардан қолымыз босамайды. Дегенмен менiң қазақ достарым ұлттық салт-дәстүрлер жайында әңгiмелейдi, мен үшiн өте қызық, Қазақстанның мәдениетi де сан түрлi.

- Әдетте Наурыз мейрамын қалай атап өтесiз?

- Сөз жоқ, ол тамаша мейрам. Шамам келгенше тойлауға тырысамын. Ол туралы көп бiлемiн деп айта алмаймын, дегенмен оны мiндеттi түрде атап отырамын. Биыл Наурызды тойлай алмайтын шығармын. Себебi бiздiң команда Гагарин кубогiнде плей-оффтың екiншi кезеңiне өттi. Ондағы қарсыласымыз өте азулы ұжым. Бiз осы жетiстiкке шығу үшiн көп күш жұмсадық, бiрақ негiзгi жұмыс әлi алдымызда.

- Сiз ұнататын қазақ тағамдары бар ма?

- Ұлттық тағамдардың дәмiн талай рет татқам. Қазақ тағамдары маған өте ұнайды. Соның iшiнде асылған ет десе жанымды беремiн. Көп жедiм еттi. Менi қонаққа жиi шақырады, сол кезде бiраз рақаттанып қаламын.

- Наурызда қазақстандықтарға қандай тiлек айтасыз?

- Осы атаулы күнде Қазақстан тұрғындарына жақсылық, бақыт пен сәттiлiк тiлеймiн!

- Рахмет! "Салават Юлаев" командасын жеңуге тiлектеспiн!

Соңғы жаңалықтар