Наурыз - береке мен бірліктің алтын бесігі - Нұрғали Нүсіпжанов

АЛМАТЫ. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Әрбір тіршіліктің иесі жаңа жылдан игілік, жақсылық күтеді. Барлық ізгі арман, тілегін жылды жаңартатын Наурыз мерекесімен байланыстырады.
None
None

ҚР халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов бүгін Алматыда Халықаралық мерекені атап өту рәсімі кезінде осындай пікір білдірді.

«Талай ғасыр ат үстінен түспей, қолынан найзасын тастамай елінің амандығын, жерінің кеңдігін, ұрпағының болашағын ойлаған ата-бабалармыздың арманы орындалды. Егемендіктің әрбір күні мен жылында әркім қолынан келген кәсібін істеп, өз тірлігін жасап жатыр. Биылғы Наурыз сондай үмітіміз ақталатын, еңбегіміз өрлейтін, туыстығымыз бен достығымыз өркендейтін тағы бір жылдың үлкен бір баспалдағы болса екен деймін. Аата-бабаларымыз барлық жақсылықты Наурыздан күтіп, бәрін оған теліген. Үмітін де, арманын да жаңа жылдан күтіп, өткен жылғы бір-біріне деген өкпе-ренішін кешіріп, Жаңа жыл игіліктің, жақсылықтың бастауы болсын деп тілек тілеген. Атадан-балаға жалғасып келе жатқан бұл үрдіс мәңгілік өз жалғасын таба береді. Өйткені Наруыз

Соңғы жаңалықтар