Наурыз қарсаңында ШҚО Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті Ашық есік күнін өткізді

ӨСКЕМЕН. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметінің жұмысымен танысу, зертханалар бойынша экскурсиялар, кәсіпкерлермен кездесу және олардың сұрақтарына жауап беру - Өскеменде өткен Шығыс Қазақстанның Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Ашық есік күнінің негізгі сәттерінің қысқаша мазмұны осындай.

Наурыз қарсаңында ШҚО Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті Ашық есік күнін өткізді

Осы жылы жаңартылған мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет 10 жылдығын атап өтуде, мұндай Ашық есік күні барлық еліміз бойынша өтуде. ҚР шығысында Ашық есік күні балаларды қорғау, білім және ғылым саласындағы бақылау, медициналық қызмет көрсету, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменттерінің және ветеринарлық қызмет басшыларының қатысуымен өтті. Бұл күн жоғарыда аталған мемлекеттік ведомстволардың өзара іс-қимылы туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды.

Кездесуде соңғы жылдары ұлттық ҚР Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жүйелік реформалаудан өткені аталып өтті. Мысалға, Шығыс Қазақстанда департамент негізінде 19 аумақтық бөлімше құрылды.

«Бүгінде біздің үлкен мүмкіншіліктеріміз бар, біз мемлекеттік қызмет көрсетудің биік дәрежесіне көштік. Қазақстандағы байырғы Шығыс Қазақстан санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне 64 жыл толып отыр. Ол жетілдірілген, қазіргі заманға сай бірегей жабдықтармен жарақтанған. Біз Өскемендегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметін қайта құрдық, қызметтің мұражайын жасай бастадық. Соңғы жылдары өте көп нәрселер жасалды», - деп атап өтті Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Тоқтасын Ерубаев.